Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шатыры құлаған Студенттер сарайын жөндеу жұмысы келесі жылы бітеді

kz.kursiv.media

Шатыры құлаған Студенттер сарайын жөндеу жұмысы келесі жылы бітеді

Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын жөндеу жұмыстары 2027 жылдың соңына қарай аяқталады. Бірақ жоба құны өзгеруі мүмкін деп хабарлайды Kursiv Media BES.media-ға сілтеме жасап.

Жобаны жүзеге асыруға 2023 жылы 7 млрд теңге қарастырылған. Алайда ҚазҰУ әкімшілігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы әлі бөлінбеген.

Қазір ғимаратты жөндеу жұмыстарын бас мердігер «Exclusive Construction» ЖШС өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырыс беруші – Ғылым және жоғары білім министрлігі. Ал ҚазҰУ ғимараттың баланс ұстаушысы болып саналады.

Оқи отырыңыз: Студенттер сарайының болашақ эскизі жарияланды

23 қыркүйектегі оқиғадан кейін Студенттер сарайын Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты (ҚазҚСҒЗИ) қосымша тексереді. Мамандар ғимарат конструкцияларының нақты жағдайын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жалғастыру жолдарын белгілеуі керек.

Тексеру нәтижесіне қарай жобаны өзгерту немесе қосымша жұмыстар жүргізу қажет болуы мүмкін. Әзірге университет ықтимал өзгерістердің қайта жөндеудің жалпы құнына қаншалықты әсер ететінін айта алмайды.

Қазір жұмыстарды 2027 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Дегенмен қосымша техникалық тексеру нәтижесіне қарай бұл мерзім өзгеруі мүмкін деп ескертеді университет әкімшілігі. Құрылыс жұмыстарының нормативтік мерзімі – 17 ай. Оның ішінде дайындық жұмыстарына бір ай қарастырылған.

Еске салайық, 23 қыркүйектен 24-не қараған түні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы шатырының бір бөлігі опырылып түсті. Кейін университет мұның төтенше жағдай емес жоспарлы демонтаж екенін мәлімдеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар