Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Алматы соты «Asar Baspana» тұтынушылық кооперативі атымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға қатысты үкім шығарды. Бас ұйымдастырушы 8 жылға бас бостандығынан айырылса, істің кейбір фигуранттары шартты түрде жаза алды деп хабарлайды Kursiv Media.
Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар айында Т. есімді азамат «Asar Baspana» кооперативінің бағдарламалары арқылы ақша тартудың заңсыз схемасын ойлап тапқан. Адамдарға жобаға қатысу арқылы табыс табуға, сондай-ақ баспана мен автокөлік сатып алуға болады деп уәде берген.
Схеманың ауқымын кеңейту үшін ұйымдастырушы Қазақстанның түрлі қалаларында аймақтық офистер ашып, жиындар мен онлайн-кездесулер өткізген. Кейінірек бұл қызметке өзге тұлғалар тартылған. Олар жаңа салымшыларды іздеумен, ақша қабылдаумен және ол қаражатты бақылаудағы шоттарға аударумен айналысқан.
Жалпы «Asar Baspana» қызметі аясында халықтан 25 млрд теңге тартылған. Бірақ жиналған қаражат ешқандай кәсіпкерлік қызметке жұмсалмаған.
Сот процесі кезінде сотталушылар өз айыптарын мойындаған жоқ, қайта аппеляцияға тапсырмақшы.
Сот шешімі бойынша негізгі ұйымдастырушы Т. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 7 жыл бойы қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Тағы үш айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 6 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Қалған сотталушыларға отбасылық жағдайы, жасы, кәмелетке толмаған балаларының болуы және қылмыстағы екінші дәрежелі рөлі ескеріле отырып, шартты түрде жаза тағайындалды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
90 мың адамды тартқан атышулы қаржы пирамидасының ісі былтыр қыста басталған. Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас прокуратура бірлесіп, елдегі ірі Asar Baspana қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларын ұстады. Олардан 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол ақша және премиум санаттағы көліктерді тәркілеген.
Биыл ақпанда іс сотқа жолданған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 03
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026