Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өткен аптада елде қандай нысандар іске қосылды

kz.kursiv.media

Өткен аптада елде қандай нысандар іске қосылды

Елде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен аптада Алматы облысының Боралдай ауылында алкагольсіз сусындар шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды. Оның құны 344 млн доллар болды, нәтижесінде 230 тұрғын жұмыспен қамтылды. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Дайын өнім ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жеткізіледі, деп хабарлайды Kursiv Media.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт жұмысын бастады. 37 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған өндірістік кешенде Еуропа елдерінен әкелінген заманауи жабдықтар орнатылған. Зауыт толық қуатына шыққаннан кейін жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Екінші желі іске қосылған соң 378 жұмыс орнын ашу жоспарланған.Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Ғимаратта лифтілер мен эскалаторлар орнатылып, кедергісіз орта қалыптастырылды. Жалпы аумағы 0,75 гектарды құрайтын вокзал маңы аумағы да абаттандырылды. Вокзал 1981 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында орындалды. Бағдарлама аясында өңірдегі 16 нысанның барлығы заманауи талаптарға сай жаңғыртылды. Қарағанды облысындағы 500 кВ «Нұра» қосалқы стансасында екінші автотрансформатор пайдалануға берілді. Жоба өңірдегі электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қосымша қуат резервін қалыптастыруға, сондай-ақ «Сарыарқа» АЭА кәсіпорындарын қажетті көлемде электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Исатай ауданының Томан ауылында 80 орынға арналған алғашқы балабақша пайдалануға берілуде. Нысанның құрылысы толық аяқталды. Ғимарат биылғы қараша айында ашылады деп жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар