Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда былтыр 670 банк өз жұмысын тоқтатты

kz.kursiv.media

Қытайда былтыр 670 банк өз жұмысын тоқтатты

Қытай 2025 жылы 670-тен астам банкті жапты/ kursiv.media архиві

Елдегі банктердің жалпы саны шамамен төрттен бірге қысқарды. Бұл жайлы Financial Times Қытайдың Қаржылық реттеуді мемлекеттік басқармасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Kursiv.media.

Басылымның мәліметінше, бұл шағын несие ұйымдарын бақылауды күшейту науқаны аясында жүзеге асқан. Жабылған банктердің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. 2025 жылы жабылған банк ұйымдарының саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

Сингапур Ұлттық университетінің Шығыс Азия институтының аға ғылыми қызметкері Джейсон Бедфордтың айтуынша, банк секторын шоғырландыру реттеу жүйесін жеңілдетуге және өтімділікке қатысты тәуекелдерді жоюға бағытталған.

Financial Times мәліметінше, ауылдық банк жүйесін қайта ұйымдастыру Қытайдағы экономикалық жағдайдың өзгеруімен қатар жүріп жатыр.

Соның ішінде жылжымайтын мүлік нарығындағы бұрынғы қарқынды өсімнің тоқтауы негізгі өзгерістердің бірі ретінде аталады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан юаньмен қарыз тартуға неге басымдық беріп отыр

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар