Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Месси ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізу үшін Аргентинаға келді

kz.kursiv.media

Месси ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізу үшін Аргентинаға келді

Аргентина құрамасының капитаны әрі «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы қоштасу матчының алдында команданың жаттығу базасына келді, деп хабарлайды Kursiv.Media шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

39 жастағы футболшы алдағы кездесуге дайындық аясында ұлттық құрамамен бірге жаттығу жиынын өткізеді. Аргентина құрамасы 6 қазаннан 7 қазанға қараған түні Бенин құрамасымен кездеседі. Матч Буэнос-Айрестегі «Монументаль Антонио Веспуччи Либерти» стадионында өтеді.

Бұл кездесу Мессидің Аргентина ұлттық құрамасындағы соңғы ойыны болмақ.

Месси Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ұлттық құрамамен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын, ал 2022 жылы Финалиссиманы жеңді.

A post shared by Selección Argentina (@afaseleccion)

2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде аргентиналықтар Испания құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Бенинге қарсы кездесу Мессидің ұлттық құрамадағы 21 жылға созылған мансабына нүкте қояды.

Бұған дейін, футбол әлемінің тағы бір аңызы Криштиану Роналду Португалия құрамасынан даумен кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар