Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2026 жыл соңында доллар қайта қымбаттай ма: сарапшылар болжамы қандай

kz.kursiv.media

2026 жыл соңында доллар қайта қымбаттай ма: сарапшылар болжамы қандай

2026 жыл соңына қарай шетел валютасына деген сұраныс артып, ол теңгенің қайтадан құнсыздануы алып келуі ықтимал. Halyk Finance сарапшылары желтоқсан соңында көкқағаз құны 490 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасайды.

Өткен айда теңге бірден 5 пайызға нығайып, доллар арзандаған болатын. Тамыз айының соңында 461,57 теңгеге сатылған доллар бағасы 440,49 теңгеге төмендеді.

Оған нарықтағы доллар ұсынысының көп болуы болуы және бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына деген қызығушылығы әсер еткен. Базалық мөлшелеме жоғары кезде, мемлекеттік бағалы қағаздар да (МБҚ) жоғары пайда береді. Осы пайдаға қызыққан шетелдіктер валютасын Қазақстан қор нарығында сатып, елдің бағалы қағаздарын сатып алған.

Бейрезиденттер иелігіндегі мемлекеттік облигациялар қоржыны қыркүйек соңында 6 млрд долларға дейін өсті.

Енді сарапшылардың пайымдауынша, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетсе, бұл шетелдік инвесторлардың теңгедегі активтерге деген қызығушылығын азайтуы мүмкін.

Осы факторларды және төртінші тоқсандағы валюта сату көлемінің қысқаруын ескере отырып, Halyk Finance сарапшылары жыл соңына қарай доллар бағамы 490 теңге деңгейінде болады деген кболжамды сақтап қалды.

Дегенмен, нарықтағы қазіргі сұраныс пен ұсыныс теңгерімі сақталса, ұлттық валюта бұдан да берік деңгейде қалуы ықтимал.

Бұған дейін экономист Алмас Чукин де теңге біртіндеп әлсіреуі мүмкін екенін айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар