Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Студентке 16 млн теңге беріп, дропперлікке тартқандар ұсталды

kz.kursiv.media

Студентке 16 млн теңге беріп, дропперлікке тартқандар ұсталды

Абай облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобын анықтады. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

Құзырлы органдар дропперлікке қатысы бар деген күдікпен Семей қаласында жергілікті университеттің алты студентін анықтап, олардан жауап алды.

Тергеу мәліметінше, студенттерге тиесілі банк карталарына ақша түскен. Бірінің банк шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам ақша аударылған. Кейін қаражат бірнеше бөлікке бөлініп, басқа банк шоттарына аударылған. Бұл ақшаның шығу тегін жасырып, қаржы қозғалысын бақылауды қиындатқан. Одан кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Тергеу барысында ақша аударған азаматтардың интернет-алаяқтыққа байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар Қазақстанның 11 өңірінің яғни Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

ҚМА мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Банк картасын 10 мың теңгеге сатып, қылмыскер атанды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар