Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша

kz.kursiv.media

Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша

Елде мұғалімдер саны рекордтық деңгейге жетті. 2025/2026 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 415,5 мың педагог жұмыс істеген. Сонымен қатар білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 385,7 мың теңгені құрады, бұл елдегі орташа жалақыдан шамамен 20%-ға аз. Бұл туралы Kursiv.media Ranking.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір жыл ішінде педагогтер саны 2,2%-ға, ал соңғы бес жылда 13,3%-ға артқан. Біліктілік санаты бойынша мұғалімдердің басым бөлігін педагог-модераторлар құрайды. Олардың саны – 126,7 мың адам.

Одан кейін:

Сонымен қатар мектептерде 5,5 мың тағылымдамадан өтуші педагог және 3 мыңға жуық педагог-шебер жұмыс істейді. Ескі біліктілік жүйесі бойынша 2,8 мыңға жуық маман бар. Оның ішінде 1,1 мыңының екінші, 884-інің бірінші, 766-сының жоғары санаты бар.

Қазақстан мектептеріндегі педагогтердің басым бөлігі әйелдер. Олардың саны 337,8 мың адамға жетеді. Бұл жалпы мұғалімдер санының 81%-дан астамын құрайды.

Мұғалімдер саны ең көп өңір – Түркістан облысы. Онда 67,4 мың педагог жұмыс істейді.

Кейінгі орындарда:

Астана бұл көрсеткіш бойынша жетінші орында. Елорда мектептерінде 21 мыңнан сәл астам мұғалім жұмыс істейді.

Педагогтер саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 3,8 мың мұғалім бар. Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсысында 12 мыңнан сәл астам педагог еңбек етеді.

Мұғалімдер саны артқанымен, білім беру саласындағы еңбекақы деңгейі республикадағы орташа көрсеткіштен төмен болып отыр.

2026 жылдың екінші тоқсанында білім беру секторындағы орташа айлық жалақы 385,7 мың теңгені құраған. Бұл ел экономикасындағы орташа жалақыдан шамамен 20%-ға төмен.

Алайда бұл көрсеткішті мектеп мұғалімінің нақты жалақысымен тікелей салыстыруға болмайды. Себебі 385,7 мың теңге – бүкіл білім беру саласы бойынша есептелген орташа көрсеткіш.

Мұғалімнің нақты табысына еңбек өтілі, біліктілік санаты, оқу жүктемесі және атқаратын қызметі әсер етеді. Бұдан бөлек, сынып жетекшілігі, біліктілік санаты, ерекше жағдайдағы жұмыс және педагогикалық қызметтің басқа да түрлері үшін қосымша ақы мен үстемақылар қарастырылған.

Бүгінде Қазақстан мектептерінде 415 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, бүгін, 5 қазан – Дүниежүзілік мұғалімдер күні.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар