Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жарық арқылы ми жұмысын зерттеген үш ғалым Нобель сыйлығын алды

kz.kursiv.media

Жарық арқылы ми жұмысын зерттеген үш ғалым Нобель сыйлығын алды

2026 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын Карл Дейссерот, Петер Хегеман және Георг Нагель алды. Ғалымдар жарық арқылы басқарылатын иондық арналар мен оптогенетика саласындағы жаңалықтары үшін марапатталды деп жазады Kursiv.Media.

Сыйлық оптогенетика әдісін дамытуға байланысты берілді. Бұл әдіс жарықтың көмегімен жүйке жасушаларының жұмысын басқаруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен ғалымдар мидағы жасушалардың естеліктерді, сезімдерді және адамның мінез-құлқын қалай қалыптастыратынын зерттей алады.

Бұған дейін зерттеушілер мидың белгілі бір бөліктері қандай қызмет атқаратынын анықтай алғанымен, сол аймақтың нақты қандай рөл атқаратынын дәлелдеу қиын еді. Ал оптогенетика нақты жүйке жасушаларына әсер етіп, оның нәтижесінде не өзгеретінін бақылауға мүмкіндік берді.

«Оптогенетика ми құрылымын зерттеуде бұрын тек армандаған мүмкіндіктерге жол ашты», – деді Нобель комитетінің физиология немесе медицина саласы бойынша төрағасы Пер Свеннингссон.

Мұндай зерттеулер неврологиялық және психикалық аурулардың қалай пайда болатынын түсінуге көмектеседі. Ғалымдар оптогенетиканы медицинада да қолдануға тырысып жатыр. Мысалы, көру қабілеті бұзылған адамдардың көз жанарын қалпына келтіру үшін осы әдісті пайдалану бағытында зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Нобель комитетінің бағалауынша, оптогенетиканың пайда болуы мидың қалай жұмыс істейтінін түсінуге үлкен өзгеріс әкелді.

Карл Дейссерот 1971 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы Стэнфорд университетінде PhD дәрежесін, ал 2000 жылы медицина дәрежесін алған. Қазір АҚШ-тағы Ховард Хьюз атындағы медициналық институтта және Стэнфорд университетінде жұмыс істейді.

Петер Хегеман 1954 жылы туған. Ол 1984 жылы Макс Планк қоғамының биохимия институтында PhD дәрежесін алған. Қазір Берлиндегі Гумбольдт университетінің нейроғылым профессоры.

Георг Нагель 1953 жылы туған. Ол 1988 жылы Франкфурт университетінде PhD дәрежесін алған. Қазір Вюрцбург университетінің өсімдіктер молекулалық физиологиясы профессоры.

2026 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының көлемі – 12 млн швед кроны. Бұл қаржы үш лауреатқа тең бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Нобель сыйлығының иегері қауіпсіз әрі таза энергия өндіретін технологияны жасамақ

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар