Жыл басынан бері 150 тоннадан астам жанармай елден заңсыз шығарылмақ болған
Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісі анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.
Әсіресе қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдарына ерекше назар аударылып жатыр.
2026 жылдың басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді.
Мысалы, 2 қазанда Жамбыл облысында көршілес мемлекеттің азаматы жүк көлігіне рұқсатсыз көлемі 500 литр болатын қосымша бак орнатқаны анықталды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бак алынып тасталды. Жанар-жағармай материалдарының елден заңсыз шығарылуының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Соңғы уақытта жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейіп кетті. Осыған байланысты шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026