154 өтініш, 6 заң: Құрылтай депутаттары бір айда не тындырды
Жаңадан сайланған Құрылтайдың 145 депутаты бірінші айдың жұмысын қорытындылады, деп жазады Kursiv.media.
Құрылтай жаңа регламент қабылданып, құрылымын қалыптастырды. Қоғамдық палата жұмысын бастап, азаматтармен кері байланыс орнату тетіктері іске қосылған.
Қазір Құрылтай қарауында 44 заң жобасы бар. Алты заң қабылданып, депутаттар 57 сауал жолдаған. Сонымен қатар Қоғамдық қабылдау бөлімі азаматтардан түскен 154 өтінішті қараған.
Депутаттардың қарауындағы негізгі заң жобалары:
Депутаттар регламентін таныстырған соң бірқатар БАҚ-та олардың тікелей Премьер-министрге сұрақ қоя алмайтыны хабарланды. Алайда депутаттар бұл жаңсақ пікір екенін айтып, Құрылтай депутаттары жұмыс аясында кез келген сұрақты Үкіметпен ашық талқылай алатынын жеткізді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026