Қар, көктайғақ, бұрқасын: 6-8 қазанға ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 6, 7 және 8 қазанға ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, қар аралас жауады деп болжанып отыр. Сонымен қатар көктайғақ болып, бұрқасын жүріп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С, күндіз +17+22°С-қа дейін жылиды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.
Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін көтеріледі. Таулы аудандарда 1-3°градус аяз болады.
Бұған дейін Kursiv.Media қазан айында елде ауа райы қандай болатынын жазған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026