Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

kz.kursiv.media

Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы облысында екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департамент.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Қарасай аудандық ауруханасына жеткізіліп, оларға ота жасалған.

«Қазіргі таңда балалардың біреуі хирургия бөліміне ауыстырылды. Екіншісі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – деді басқарма.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 қойды қағып кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар