Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайлық азамат ашық люк үшін әкімдіктен 300 мың теңге өндіріп алды

kz.kursiv.media

Қостанайлық азамат ашық люк үшін әкімдіктен 300 мың теңге өндіріп алды

Қостанай тұрғыны көлігімен ашық қалған кәріз құдығына түсіп кетіп, көлігіне келген шығынды әкімдіктен өндіріп алды, деп хабарлайды Kursiv. Media .

Қостанай қалалық сотының мәліметінше, былтыр қазан айында қала тұрғыны Chevrolet көлігімен келе жатып, жолдағы ашық тұрған қарау құдығына соғылған. Салдарынан көлік механикалық зақымданған.

Осыдан кейін жүргізуші жол-көлік оқиғасы салдарынан келген материалдық шығынды өтеу туралы Қостанай қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарсы талап арыз берген.

Сот барысында жауапкердің бұған дейін де қарау құдықтарын күтіп-ұстау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

«Жауапкер көлік құралының зақымдануына әкеп соққан жол-көлік оқиғасына себеп болған қарау құдықтарын күтіп-ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған», – деп хабарлады сот.

Жауапкердің өкілі талап арызды қанағаттандыруға қарсылық білдіріп, аталған нысанда құрылыс жұмыстары әлі аяқталмағанын айтқан. Оның сөзінше, жұмыс қауіпсіздігіне мердігер жауапты болуы тиіс.

Алайда сот қарау құдығы жауапкердің қарауында болғанын анықтады. Сонымен қатар оның кінәсін жоққа шығаратын дәлелдер ұсынылмаған.

Нәтижесінде сот жүргізушінің талабын қанағаттандырды. Жауапкерден оның пайдасына 205 400 теңге материалдық шығын және көлікті бағалауға жұмсалған 85 мың теңге өндірілді. Жалпы сома – 290 400 теңге.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда полиция мектепте бомба бар деген азаматты іздестірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар