Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбылда жасөспірімдер арасындағы төбелес кезінде оқушы қаза тапты

kz.kursiv.media

Жамбылда жасөспірімдер арасындағы төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Жамбыл облысы Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдан кейін 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал шығып, төбелес кезінде 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Осы фактімен Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен, яғни жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр және полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда қызғаныштан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар