Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда қызғаныштан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты

kz.kursiv.media

Алматыда қызғаныштан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты

Алматыдағы көңіл көтеру орындарының бірінде екі әйелдің арасындағы қызғаныштан туған жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төбелес Түрксіб ауданындағы көңіл көтеру орнында болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Әйелдер сөзге келіп, кейіннен төбелес басталған.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатып, барлық қатысушыны аудандық полиция басқармасына жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысқандардың барлығы алкогольдік ішімдік ішкен», – деп хабарлады полиция.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесін анықтап жатыр.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар