10 мыңға жуық ереже бұзылды: полиция мас жүргізушілер мен дрифт жасағандарды ұстады
Қазақстанда бір апта ішінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 мыңға жуық дерегін анықтады. Оның ішінде көлік тізгінін мас күйде басқарудың 201 фактісі бар деп хабарлайды Kursiv.media .
Сондай жағдайлардың бірі түнде Үштөбеде болған. Полиция қызметкерлері Toyota Marino көлігін тоқтатқан. Рөлде 34 жастағы мас жүргізуші отырған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.
Polisia.kz мәліметінше, соңғы бір аптада Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында дрифт жасап, көлікті қауіпті жүргізген жүргізушілер анықталды.
Астанада екі жас жүргізуші Шәмші Қалдаяқов көшесінде дрифт жасаған. Екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал көліктері арнайы тұраққа қойылды.
Қостанайда дрифт жасаған жүргізуші бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция оның кім екенін анықтады. Белгілі болғандай, ол жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 16 рет жауапкершілікке тартылған. Сот оны 15 тәулікке қамауға алды.
Шымкентте 18 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі түнде дрифт жасап, тыныштықты бұзған. Ол да 10 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан бөлек, 21 қыркүйектен бері еліміз бойынша 13 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити жойылып, осыған қатысты 6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Ең ауыр төрт жағдай бойынша қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның біреуі вандализмге, үшеуі есірткіге қатысты граффитиге байланысты.
19 қыркүйекте Президент экологиялық акция барысында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғимараттардың қабырғаларын бүлдіріп, сурет салатын адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырған.
Ал 21 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов граффитиге толық тыйым салуды заңнамалық деңгейде енгізуді тапсырды.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қазан, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026