Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қай пәннің мұғалімі болу қиын: әр ұстаздың күнделікті жүктемесі

kz.kursiv.media

Қай пәннің мұғалімі болу қиын: әр ұстаздың күнделікті жүктемесі

Мұғалім жұмысының қиындығы тек сабақ санымен өлшенбейді, әр пәннің өзіне тән жүктемесі мен жауапкершілігі бар. Педагогтер аптасына орта есеппен 35,9 сағат жұмыс істейді, оның 9 сағаты сабаққа дайындалуға, тағы 5,3 сағаты оқушылардың жұмыстарын тексеруге кетеді. «Курсив» тілшісі әр пән ұстазының жұмысындағы ең қиын тұстарды салыстырып көрді.

Математика мен физикада жаңа тақырыпты түсіндіру жеткіліксіз. Оқушы формуланы жаттап қана қоймай, оны есеп шығарғанда қолдана алуы тиіс. Сондықтан мұғалім сабаққа дайындалғанда тақырыпты қалай түсіндіретінін, қандай есептер беретінін және сыныптағы оқушылардың білім деңгейін ескереді.

Бір оқушы жаңа тақырыпты бірден меңгерсе, екіншісіне оны бірнеше мысалмен түсіндіруге тура келеді. Мұндай айырмашылық мұғалімнен бір тақырыпты әртүрлі тәсілмен жеткізуді талап етеді.

Химия мен биологияда сабақтың бір бөлігі теорияға, екінші бөлігі тәжірибеге сүйенеді. Химия мұғалімі зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып, қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді. Ал биологияда да көрнекілік, тәжірибе, зерттеу жұмыстары мен қосымша материалдар қажет болуы мүмкін. Яғни мұндай сабаққа дайындықтың бір бөлігі оқушы сыныпқа кірмей тұрып жасалады.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің жұмысы оқушының жазба жұмыстарын тексерумен шектелмейді. Ұстаз өзі де сауатты жазып, тіл нормаларын жақсы білуі, көркем шығармаларды көп оқып, жаңа ақпаратты іріктей алуы керек. Сонымен қатар сабақты қызықты өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану және оқушының назарын ұстай білу маңызды.

Бұл пән мұғалімінен бір мезетте бірнеше дағдыны талап етеді: дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, аудиториямен жұмыс істеу және күрделі мәтінді оқушыға түсінікті жеткізу. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті ұстазының жұмысындағы негізгі жүктеменің бірі – оқушының жазба жұмысын бағалау ғана емес, оның тілдік сауатын қалыптастыру.

Дене шынықтыру сабағын «спортпен айналысу» деп қабылдау оңай. Алайда мұғалім оқушылардың қауіпсіздігіне, дене дайындығына және сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына жауап береді.

Бір сыныпта спортқа қызығатын бала да, дене дайындығы төмен оқушы да болуы мүмкін. Мұғалім тапсырмаларды осы айырмашылықтарды ескере отырып ұйымдастыруы керек.

Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысы пән мұғалімдерінен біршама ерекшеленеді. Ол бір ғана пәннен сабақ бермейді. Ол балалардың оқу дағдысы енді қалыптасып жатқан кезеңде жұмыс істейді. Мұғалім бір сабақтың ішінде оқуды, жазуды, есептеуді үйретіп қана қоймай, баланың сабаққа бейімделуіне, сыныптағы тәртіпке және бір-бірімен қарым-қатынасына да назар аударады.

Пәнге қарамастан, мұғалімнің жұмысындағы ең күрделі мәселенің бірі – сабақтан тыс міндеттер.

OECD-нің 2024 жылғы TALIS зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы мұғалімдер үшін негізгі стресс факторларының қатарында оқушылардың оқу нәтижесіне жауапкершілік алу – 29%, сыныптағы тәртіпті сақтау – 28%, әкімшілік жұмыстың көп болуы – 25% көрсетілген. Яғни мұғалімнің жұмысындағы қиындық тек оның қай пәнді оқытатынына байланысты емес.

Қазақстандық мұғалімдер толық жұмыс күніне орта есеппен аптасына 35,9 сағат жұмсайтынын айтқан. Оның 23,3 сағаты сабақ беруге, 9 сағаты сабаққа дайындалуға, 5,3 сағаты оқушылардың жұмыстарын тексеруге кетеді.

Тағы да оқыңыз: Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар