Экс-депутаттың ұлына тиесілі компания алтын өндіруге 1,2 млрд теңге жұмсайды
Qarabulaq Gold алтын компаниясы Қарабұлақ кен орнынан құрамында алтыны бар кен өндіру мақсатында «Интеррин» ғылыми-өндірістік кәсіпорынымен шарт жасасады. Келісімшарттың құны 1,26 млрд теңгені құрайды.
Тиісті шешімді 30 қыркүйекте Qarabulaq Gold компаниясының әрқайсысы 50%-дан үлеске ие тең иелері — Дәурен Мұқашев пен Алексей Строганов қабылдады.
«Қосылған құн салығын (16% ҚҚС) қоса алғанда, жалпы сомасы 1 260 000 000 (бір миллиард екі жүз алпыс миллион) теңгеге Қарабұлақ кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін «Интеррин» ғылыми-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасасылсын», – делінген қабылданған шешімде.
«Интеррин» ғылыми-өндірістік кәсіпорыны Алматы облысының Талғар қаласында тіркелген. Оның басшысы әрі жалғыз қожайыны – Пётр Тамбиев.
Ақмола облысының Ақсу кентінде тіркелген Qarabulaq Gold компаниясының тең иелері: Дәурен Мұқашев (50%) және Алексей Стриганов (РФ, 50%).
ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі әрі Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Рахмет Мұқашевтың ұлы – Дәурен Мұқашев ең ірі тұз өндіруші «Аралтұз» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.
Qarabulaq Gold компаниясының қаржы есебіне сәйкес, кәсіпорын 2024 жылғы 1,15 млрд теңге шығынмен салыстырғанда, 2025 жылы 1,63 млрд теңге пайда тапты. Компанияның түсімі 2025 жылы 2024 жылғы 2,28 млрд теңгеден 10,46 млрд теңгеге дейін, яғни 4,6 есеге өсті. 2025 жылдың соңындағы жабылмаған шығын 1,6 млрд теңгені құрады.
Qazabulaq Gold-тың негізгі қызметі – бағалы металдар мен сирек металл рудаларын барлау және өндіру. Компанияның Ақмола облысының Степногорск қаласындағы Қарабұлақ кен орнында алтын өндіруге 2024 жылғы 22 қарашада берілген лицензиясы, сондай-ақ Ақмола облысындағы «Декабрьское» кен орнында құрамында алтыны бар рудаларды барлауға 2016 жылғы 9 маусымда берілген келісімшарты бар.
Qazabulaq Gold 2024 жылдың қарашасында Қарабұлақ кен орнындағы барлау лицензиясын өндіру лицензиясына ауыстырды. 2024 жылдың соңында лицензияның баланстық құны 488,9 млн теңгені, ал 2025 жылдың соңында 282,1 млн теңгені құрады. Өндіруге берілген лицензия- банк қарызы бойынша кепілге қойылған. Сонымен қатар, құны 6 млрд теңге болатын компанияның негізгі құралдары да қарыздар бойынша кепілге қойылған. 2025 жылы компания геологиялық барлау жұмыстарына 330,7 млн теңге, ал 2024 жылы 255,5 млн теңге жұмсады.
2024 жылы компания Қарабұлақ кенішінде құрамында алтыны бар шикізатты өңдейтін фабриканы іске қосатынын хабарлаған.
- Соңғы
- Қазан, 05
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2026