Елде «көлеңкелі» баспана нарығының үлесі 41,2%-ға дейін азайды
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ елдегі тұрғын үй құрылысы саласындағы «көлеңкелі» нарық үлесіне жыл сайынғы бағалау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 2026 жылы елдегі тұрғын үй құрылысы саласындағы «көлеңкелі» нарықтың үлесі 41,2%-ды құрады, деп хабарлайды Kursiv Media.
2026 жылы жүргізілген зерттеу аясында Қазақстанның 21 қаласындағы салынып жатқан 636 нысан бойынша ақпарат талданды.
Зерттеуге қажетті мәліметтер 2026 жылдың тамыз айында ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі жарнамалардан жиналды. Мамандар әр құрылыс нысанын 15 түрлі көрсеткіш бойынша тексеріп, алынған деректерді үлескерлерге арналған «Қазреестр» бірыңғай жүйесімен салыстырып шықты.
Зерттеу қорытындысы бойынша, 2026 жылы Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы саласындағы «көлеңкелі» нарықтың үлесі 41,2%-ды құрады. Талдау жүргізілген 636 нысанның 374-і заңды нарыққа, 262-сі «көлеңкелі» нарыққа жатады.
«Көлеңкелі» нарықтың үлесі 21,3 пайыздық тармаққа төмендеп, 2025 жылғы 62,5%-дан 2026 жылы 41,2%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте заңды нарықтағы нысандар саны 64,8%-ға артып, 227-ден 374 нысанға дейін өсті, ал «көлеңкелі» нарықтағы нысандар саны 30,7%-ға азайып, 378-ден 262 нысанға дейін төмендеді. Іріктемеге енгізілген нысандардың жалпы саны 5,1%-ға өсіп, 605-дан 636 нысанға жетті.
Жалпы нысандар санына шаққанда, ең айқын оң динамика ірі қалаларда байқалады. Астанада «көлеңкелі» нарықтың үлесі 2025 жылғы 50,2%-дан (102 нысан) 2026 жылы 20,2%-ға (43 нысан) дейін төмендеді.
Шымкентте көрсеткіш 36,9%-дан (24 нысан) 15,1%-ға (8 нысан), ал Алматыда 64,9%-дан (109 нысан) 48,3%-ға (101 нысан) дейін азайды.
Қонаевта көрсеткіш 100%-дан 50,0%-ға, Ақтөбеде 94,1%-дан 66,7%-ға, Өскеменде 64,3%-дан 31,3%-ға дейін төмендеді. Алайда аталған қалаларда салынып жатқан нысандар саны салыстырмалы түрде аз.
Сонымен қатар бірқатар қалаларда өткен жылмен салыстырғанда «көлеңкелі» нарықтың үлесі 100% деңгейінде қалды. Олар – Петропавл, Түркістан, Тараз, Талдықорған, Орал және Павлодар.
Сондай-ақ төмендеу байқалғанына қарамастан, Ақтау (95,5%), Көкшетау (83,3%) және Қарағанды (80%) қалаларында «көлеңкелі» нарықтың үлесі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
Қостанай 2026 жылы 2025 жылмен салыстырғанда «көлеңкелі» нарықтың үлесі өскен жалғыз қала болды: 65,0%-дан 88,9%-ға дейін.
Оқи отырыңыз: Қыркүйек айында тұрғын үй нарығы қалай өзгерді
- Соңғы
- Қазан, 05
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2026