Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл 1,6 мың ауылды интернетке қосу жоспарланып отыр

kz.kursiv.media

Биыл 1,6 мың ауылды интернетке қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда биыл 1,6 мыңға дейін ауылды интернетке қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 370 ауыл интернетке қосылып үлгерді, шамамен 12 мың шақырым байланыс желісі тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Ауылдық жерлерде биылғы жоспар бойынша 1,6 мың ауылды интернетке қосу көзделген. Қазірдің өзінде 370 ауыл байланыспен қамтылды. Жалпы ұзындығы 11 819 шақырым болатын байланыс желілері тартылды. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 40 мың шақырымын байланыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл үшін 500-ден астам антенналық-діңгектік құрылыс орнатылады», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар 20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық станциясы орнатылды. Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп, Direct-to-Cell технологиясы іске қосылды. Ол спутник арқылы смартфонға тікелей байланыс орнатып, елдің кез келген нүктесінде хабарлама жіберуге және интернеттің базалық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

«50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың құрамындағы 1,5 мың вагон интернетпен қамтамасыз етілді. Қазір жеті ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұзындығы 4 511 шақырымды құрайтын «Батыс – Шығыс» гипермагистралінің жартысы тартылды», – деп атап өтті вице-премьер.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар