Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алдымен екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Салтанатты қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид келіссөз залына өтті.
Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, саяси байланысты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар екі ел басшылары Қазақстан-Оман бизнес-форумына қатысады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Оман арасындағы бірлескен инвестициялық портфельге жалпы құны 3 млрд доллар болатын бес ірі жоба кіреді. Оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларындағы құны 1,1 млрд доллар болатын екі жоба іске асқан. Ал кен өңдеу бағытындағы жобалар қазір жүзеге асырылып жатыр.
Кеше, 5 қазанда Оман сұлтанын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алған болатын. Оман басшысының ұшағын Қазақстанның әскери әуе күштерінің ұшақтары ел шекарасынан елордаға дейін қапталдай алып келген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 05
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2026