Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан 2030 жылға дейін алты жаңа спутник ұшыруды жоспарлап отыр

kz.kursiv.media

Қазақстан 2030 жылға дейін алты жаңа спутник ұшыруды жоспарлап отыр

Қазақстан отандық спутниктік жүйелерді дамытып, ғарыш технологияларын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. 2030 жылға дейін тағы алты спутник әзірлемекші. Бұл туралы үкімет отырысындағы баяндамасында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді деп жазады Kursiv Media.

Қазір байланыс қызметін екі KazSat спутнигі қамтамасыз етеді. Бұл бағытта елге 72 млрд теңге кіріс түскен, бірақ министр оның нақты қай кезеңдерге жататынын атап өтпеді. Енді 2029 жылға дейін осы қолданыстағы аппараттардың орнын басатын KazSat-3R спутнигін жасау жоспарланған.

Жерді қашықтан зондтау жүйесінде қазір үш спутник жұмыс істейді. Соңғы бес жылда космомониторингтің экономикалық тиімділігі 977 млрд теңгені құраған.

Түсірілім дәлдігін арттырып, спутниктік қамту аумағын кеңейту үшін тағы алты жаңа спутник жасау көзделген. Оның үшеуі жоғары, үшеуі орташа рұқсаттағы аппарат болады.

Сонымен қатар Қазақстан спутниктік технологияларды шетелге экспорттауды да жоспарлап отыр дейді министр Мәдиев. Қазір Моңғолия, Конго және Нигерияда үш экспорттық жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы экспорт көлемі 70 млн долларды құрайды. 2030 жылға қарай Қазақстан 14 спутниктен тұратын халықаралық топтама құруды жоспарлап отыр.

KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құрылатыны туралы биыл жазда үкімет отырысында айтылған еді. Бұл жобаға резервтен 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар