Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәдиев 2027 жылы Екібастұзда алғашқы дата орталық іске қосылады деп уәде берді

kz.kursiv.media

Мәдиев 2027 жылы Екібастұзда алғашқы дата орталық іске қосылады деп уәде берді

Екібастұздағы деректер өңдеу орталығы келесі жылы пайдалануға беріледі. Үкімет отырысында Жаслан Мәдиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

«Келесі жылы жалпы қуаты 186 мегаватт болатын дата-центрлерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деді ол баяндамасында.

Деректер өңдеу орталығы үшін Екібастұзда жер учаскесі бөлінген, қазір құрылысы жүріп жатыр. Ал инженерлік инфрақұрылым жəне ГРЭС-1-ден электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Мәдиев жоба операторынының да анықталғанын айтты, бірақ нақты қандай компания айналысатыны белгісіз.

Цифрлық экономиканың басты жобаларының бірі – қуаты кемінде 1 гигаватт болатын «Дата-центрлер алқабы».

2028 жылдың екінші тоқсанында қуаты 109 мегаватт болатын екінші орталық іске қосылады. Жобаға америкалық Firebird AI компаниясы қатысады, келісім құны 10 млрд доллар. Одан бөлек 20-дан астам халықаралық технологиялық компания мен инвестор қызығушылық танытып отырғанын да атап өтті.

Екібастұздағы ірі деректер өңдеу орталығы – Тоқаев тапсырмасымен биыл басталған жоба. Мұнда бірнеше деректер өңдеу орталығы салынуы керек, сол арқылы үкімет Екібастұзды елдегі цифрлық индустрия орталығына айналдырмақ.

Деректер өңдеу орталығын салу үшін NVIDIA және Firebird AI компаниясы басшыларымен кездескен. Техноалпауыттарды осы жобаға қатысуға шақырды. Олардан бөлек Абу-Дабиде орналасқан Aleria компаниясы да атсалыспақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар