Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Норвегия қоғамдық орындарда ақылды көзілдірік тағуға уақытша тыйым салмақ

kz.kursiv.media

Норвегия қоғамдық орындарда ақылды көзілдірік тағуға уақытша тыйым салмақ

Норвегия қоғамдық орындарда ақылды көзілдірік қолдануға уақытша тыйым салуды жоспарлап отыр. Шектеу саябақтарға, жағажайларға, музейлерге, сауда орталықтарына, мектептерге, медициналық мекемелерге және көпшілік жиналатын іс-шараларға қатысты болуы мүмкін деп жазады Kursiv Media

Норвегияның цифрландыру және мемлекеттік басқару министрі Торгейр Микаэльсеннің айтуынша, мұндай шара адамдардың жеке өмірін қорғау үшін қажет.

«Біз адамдар үйреншікті жағдайда жүргенде оларды жасырын түрде фотоға немесе видеоға түсіріп алуы мүмкін деп қорқатын қоғамда өмір сүргіміз келмейді», – деді министр.

Заң жобасын Еңбек партиясы ұсынбақ. Партия құжатты мүмкіндігінше тезірек парламентке енгізуді жоспарлап отыр. Алайда заң қабылдануы үшін басқа саяси күштердің де қолдауы қажет.

Бұл бастама Еуропада ақылды көзілдіріктерді қолдануға қатысты алаңдаушылық күшейген кезде көтеріліп отыр. Әсіресе, Meta компаниясы шығаратын құрылғыларға қатысты пікірталас көбейген.

Мәселен, Францияда балалардың құқығын қорғайтын e-Enfance ұйымы әйелдерді келісімінсіз видеоға түсіруге қатысты 20-ға жуық шағым алған. Кейін бұл жазбалардың кейбірі әлеуметтік желілерде жарияланған. Соның салдарынан видеодағы әйелдер мазаққа және өшпенділік сипатындағы пікірлерге тап болған.

Қазір Париж прокуратурасы осы жағдайларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар