Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Оман стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Оман стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек

Қасым-Жомарт Тоқаев және Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтанның сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан Оманды «уақыт сынынан өткен сенімді серіктес» ретінде бағалайды.

Ал ең маңызды жаңалықтардың бірі — Тоқаев Оман Сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

««Екі халық арасындағы достық пен өзара қолдаудың символы ретінде Сізді мемлекеттік ең жоғары марапат — «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.»

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Оман экономикалық байланыстарды кеңейтпек. Келіссөздер қорытындысында энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, IT және цифрландыру, денсаулық сақтау мен фармацевтика салаларын қамтитын бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Президент әсіресе «Дунга» кен орны, Solidcore, бірлескен инвестициялық қор, қонақүйлер мен курорттар саласындағы жобаларға тоқталды.

Ал бүгін Астанада Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтіп жатыр. Онда екі елдің бизнес өкілдері инвестиция, логистика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым бағыттарындағы бірлескен жобаларды талқылайды.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Оманның дипломатиялық қарым-қатынасына келесі жылы 35 жыл толады. Енді тараптар осы байланысты экономикалық жобалармен толықтыруға ниетті.

Айта кетейік, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ әл-Саидтың Орталық Азияға және Астанаға алғашқы сапары.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар