Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда ер адам пәтерінен өлі табылды

kz.kursiv.media

Алматыда ер адам пәтерінен өлі табылды

Алматы қаласы Әуезов ауданының «Жетісу» шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық Полиция департаменті баспасаөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы ер адам өлі табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жетті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықтаып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тәртіп сақшыларының алдын ала анықтауынша, марқұм соңғы бірнеше айда өміріндегі күрделі кезеңді бастан өткерген.

«Қазіргі таңда мамандар оның өмір сүру салтын, араласқан ортасын және осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жайттарды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша болған оқиғаның толық көрінісі анықталады», – деп түйіндеді полиця.

Бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында 71 жастағы қария өзіне қол жұмсаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар