Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кентауда ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен сайыстар өтті

kz.otyrar.kz

Кентауда ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен сайыстар өтті

Кентауда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Іс-шарада қала жастары асық атып, қол күрестірді. Сондай-ақ гір тасын көтеріп, арқан тартыста да бақ сынады.

Бұл күлгін кілем қала жастары асық атып, ұлттық спортпен айналысу үшін арнайы жайылған. Кішкентайлар асық иіріп, мергендігін байқатса, кентаулық бозбалалар білек күшін сынасуға көшкен. Қаланың әр бұрышынан жиналған олар «Ынтымақ» алаңында бас қосып, қол күрестірді.

ЖАСҰР ЖҰМАНАЗАРОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бүгін алаңда жарыс болып жатыр екен армрестлингтен. Бүгін келіп өзімді сынап көрдім. Армреслингтен жарыстар өтіп тұрса жақсы болады екен. — Қанша баламен қол күрестіріп көрдің? — Бір 10 шақты баламен қол күресіп көрдім. — Қалай екен? — Жақсы екен бар екен мықты балалар».

Алаңдағы тартысты бәсеке тек қол күресімен шектелген жоқ. Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың басын бір арнаға тоғыстыру.

«Кентау қаласының туған күніне орай тек мерекелік концерттер өтіп жатқан жоқ. Қала жастарының басын жинап, мұнда ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар да өтіп жатыр».

Осылайша мергендік пен ептілікті, төзімділік пен қайратты талап ететін сайыстардың көрігі қызды. Мұнда асық атудан бөлек, гір тасын көтеру, арқан тартыс пен қол күресінен де бақ сынауға мүмкіндік жасалған.

РАМАЗАН ӨМІРӘЛІ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Кентау қаламыз 71 жылға толып жатыр. Соған достарыммен келгенмін. Маған осы Кентау қаласындағы Ынтымақ алаңында асық ату ойыны ұнап қалды. Сосын достарыммен асық атып ойнап жатырмын. Асық өте күшті ойын. Қазақтың бұрыннан келе жатқан ойыны. Кентау қаласының туған күні құтты болсын»

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қаладағы бұқаралық спортты дамытуға үлкен серпін береді.

ЖАНДОС ТАСОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Түбінде осы бұқаралық спортқа деген. Бұқаралық спортты дамытуға деген. Қаланың спортқа белсенділігін артыру мақсатында ұйымдастырылып отқан шаралар. Енді бір апта көлемінде деңгейдегі шаралар өтті. Осы қала күн іаясынад өтіп отыр бәрі»

Қала мерекесі аясында басталған бұқаралық спортты қолдау шаралары алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Әсел Мәлік

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар