Германия барлау қызметінің экс-басшысы тыңшылық күдігімен қамауға алынды
Германияның Федералдық барлау қызметінің (BND) бұрынғы басшысы Август Ханнинг тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ханнингке мемлекеттік құпияға жататын ақпаратты жинау, мемлекетке опасыздық жасау және өзге мемлекеттің пайдасына тыңшылық жасады деген айыптар тағылып отыр.
BILD мәліметінше, Ханнинг BND басшылық штабының жақында отставкаға кеткен қызметкерінен құпия ақпарат сатып алып, оны кейін қайта сатпақ болған.
Ханнинг пен оның болжамды сыбайласына қатысты тергеуді Германияның Федералдық бас прокуроры жүргізіп жатыр.
Барлау қызметіндегі жұмысынан кейін Ханнинг әлемнің түрлі елдерінде қауіпсіздік және бизнес салаларында кеңесшілікпен айналысқан. Сондай-ақ оның Ресей және Қытаймен, соның ішінде осы елдердің мемлекеттік құрылымдарымен байланысы болғаны айтылады.
Август Ханнинг Германияның Федералдық барлау қызметін 1998-2005 жылдары басқарған.
Тағы да оқыңыз: Тоқаев қазақ-неміс инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2026