Қазақстан 2,2 млн смартфонды қай елдерден импорттады (инфографика)
2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан шетелден 2,2 млн-нан астам смартфон импорттаған. Импорт құны шамамен 686,2 млн долларды құрады. Нарықтың басым бөлігін Қытай мен Вьетнам елдерінен әкелетінен Kursiv Media зерттеді.
Импорт көлемі бойынша бірінші орында Қытай тұр. Жеті айда бұл елден Қазақстанға 1,15 млн смартфон жеткізілген. Олардың жалпы құны 398,6 млн доллар болды.
Екінші орында Вьетнам. Бұл елден 1,03 млн телефон әкелініп, импорт сомасы 264,7 млн долларға жеткен.
2026 жылғы қаңтар–шілде
Үшінші орында тұрған Үндістаннан 24,1 мың смартфон импортталған. Олардың құны – 15 млн доллар. Ал АҚШ-тан 8,1 мың құрылғы шамамен 6,7 млн долларға жеткізілген.
Қалған елдердің Қазақстан смартфон импортына қосқан үлесі айтарлықтай аз. Ресейден 3,2 мың, Оңтүстік Кореядан 305, БАӘ-ден 168 және Жапониядан 140 смартфон әкелінген. Хорватия мен Германиядан жеткізілген құрылғылар саны бірнеше ондаған данамен шектеледі.
Осылайша, Қазақстанға жеткізілетін смартфондардың негізгі ағыны екі мемлекетке тиесілі. Қытай мен Вьетнамның өзінен 2,18 млн-нан астам смартфон импортталған, яғни импорттың абсолютті басым бөлігі осы екі елден келеді.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026