Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арыс қаласында 11 млрд теңгеге май өндіретін зауыт салынып жатыр

kz.kursiv.media

Арыс қаласында 11 млрд теңгеге май өндіретін зауыт салынып жатыр

Арыс қаласында күнбағыс, мақта және мақсары майын өндіретін зауыт салынып жатыр. Өндіріс орны тәулігіне 500 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның инвестициялық құны 11 млрд теңгені құрайды. Ал құрылыс жұмыстарын «MEGA-AGAT АГРО» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv Media.

Компания Арыстағы 9 гектар аумақта күнбағыс, мақта және мақсары майын өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде. Жоба аясында 150 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Зауыттың құрылысы былтыр басталып, келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, 1 гектар жерде автомобиль және теміржол арқылы тікелей қосылған бағыттар бойынша жүктерді ауыстырып тиеу орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Жобаның іске асырылу мерзімі 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Инвестициялық құны 200 млн теңгені құрайды. Нысан тәулігіне 2 мың тоннаға дейін жүк қабылдауға қауқарлы. Жоба іске қосылғанда 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

2025 жылы аталған компания бұршақ дақылдарын сақтауға арналған қойманы іске қосқан еді. Қойма бір мезетте 6 мың тоннаға дейін өнім сақтауға мүмкіндік береді. Жоба аясында 10 жұмыс орны құрылды.

Ал биыл тауарларды сақтауға арналған қойманы, яғни құрғақ портты іске қосу жоспарлануда. Жобаға 2 гектар жер телімі қарастырылып, 1 млрд теңге инвестиция бағытталды. Нысан іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылады.

Келесі жылы астық және силос сақтауға арналған қойманы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Инвестициялық құны 1,5 млрд теңгені құрайтын нысан 2 гектар жерде орналасады. Қойманың жылдық сақтау қуаттылығы 60 мың тоннаға дейін жетпек. Жоба іске қосылғанда 10 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ инвестор осы жылы 1,5 гектар жерде асыл тұқымды жылқыларды өсіруге арналған кешенді іске қосуды көздеп отыр. Мұнда 30 басқа дейін асыл тұқымды жылқы өсіру жоспарланған.

Бұған дейін Алматы облысында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын өндіретін жаңа зауыты іске қосылатынын жазған едік. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар