Үкімет жәрдемақысына ілінесіз бе: Табысыңызды есептеп көріңіз
Келесі жылдан бастап Еңбек министрлігі жәрдемақы тағайындауға қатысты жаңа өзгеріс енгізеді. Енді 14 түрлі жәрдемақыны барлығы бірдей алмайды. Министрлік отбасының табысы, әл-ауқатына қарай іріктеп береді.
Іріктелетін жәрдемақылар тізімін мына жерден көре аласыз
Отбасының әлеуметтік деңгейін саралау үшін «Отбасының цифрлық картасы» деген жоба негізге алынады. Сол жерде елдегі отбасылары табысына қарай бес санатқа бөлген. Соның ішіндегі әл-ауқат деңгейі «ауқатты» және «қанағаттанарлық» деп есептелетін А және В санатындағы отбасылар жәрдемақы алмайды.
Әлеуметтік әл-ауқаты жалпы 8 бағыт бойынша бағаланады: табыс пен кредиттік міндеттемелер, жылжымалы мүлік, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы.
Әр көрсеткішке белгілі бір балл беріледі, соңында олардың барлығы қосылып, отбасының жалпы әлеуметтік әл-ауқат деңгейі анықталады.
Жан басына шаққандағы табысқа қарай 0-ден 620 баллға дейін беріледі. Оны есептеу үшін жалпы отбасылық кірісті сол отбасы мүшелерінің санына бөлеміз. Сонда шыққан сома елдегі күнкөріс минимумынан қанша артық болғанына қарай бал беріледі.
Несиеңіз болса, төмендегідей бал беріледі:
Несиеңіздің мерзімі өткен болса, төмендегідей бал беріледі
Өз атыңызда тіркелген көліктің болу-болмауына байланысты да бал әртүрлі беріледі
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамның болу/болмауы
18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы/болмауы
Бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы/болмауы»
Динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы/болмауы
Диспансерлік есепте тұрған адамның болуы/болмауы
Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы
Елдімекеннің мәртебесі критерийі бойынша
Жер учаскесінің болуы/болмауы
Шыққан баллды мына жердегі санат бойынша салыстырып қараңыз. Егер «С» – «Е» санатына жатсаңыз, cіз жәрдемақыға ілінесіз деген сөз.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026