Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты әкімшілік іс қозғалды

kz.kursiv.media

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Атырау мұнай өңдеу зауытында тұрғындардың шағымынан кейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру кезінде экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Экология министрлігің ақпаратына сүйенсек, Атырау облысы бойынша Экология департаменті кәсіпорынды атмосфералық ауаның сапасына қатысты тұрғындардың бірнеше рет жолдаған шағымынан кейін тексерген.

Тексеру барысында жекелеген технологиялық пештер мен резервуарлар бойынша қалдықтар есебі жүргізілмегені және рұқсат етілетін қалдықтар нормативтері белгіленбегені анықталды.

Сонымен қатар, 25 тамызда және 2-7 қыркүйек аралығында кәсіпорындағы апаттық жағдайларға байланысты факельдік қондырғыда 100 тоннадан астам газ жағылған. Кәсіпорында жоспардан тыс тоқтап қалу және жөндеу жұмыстары да тіркелген.

Өнеркәсіптік қалдықтары аспаптық бақылау кезінде көміртек және азот оксидтері бойынша белгіленген нормативтерден асып кету фактілері анықталды. Сондай-ақ, қалдықтары автоматтандырылған бақылау жүйесінің жұмысына қатысты талаптардың бұзылғаны белгілі болды.

Экология министрлігінің мәліметінше, 1 қазанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғау жөніндегі шешімдер прокурормен келісілген. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді. Тексеру материалдары қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін құқық қорғау органдарына да жолданған.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау МӨЗ жылына 6,1 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуді жоспарлап отырғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар