Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шарын паркінің маңында аң аулауға және пайдалы қазба өндіруге тыйым салды

kz.kursiv.media

Шарын паркінің маңында аң аулауға және пайдалы қазба өндіруге тыйым салды

Шарын ұлттық паркінің айналасы қорғалатын аймақ боляып белгіленді деп хабарлайды Kursiv Media.

Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағын және табиғатты пайдалану режимін бекітті. Қаулыға сәйкес, ұлттық парк маңайындағы ені кемінде 2 шақырым болатын жер қорғалатын аумақ болып белгіленді.

Қорғалатын аумақта ұлттық парктің экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін бірқатар қызмет түріне тыйым салынады. Атап айтқанда, мұнда:

Бірақ экожүйеге кері әсер етпейтін шаруашылық жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Яғни қорғалатын аумақта мал жаюға, шөп шабуға, туризм және демалысқа, балық аулау мен балық өсіруге, орман шаруашылығы жұмыстарына, өрт сөндіруге және бүлінген жерлерді қалпына келтіруге шектеу жоқ.

Сондай-ақ туристерге арналған орындар, тұрғын жай және ұлттық парк қызметкерлеріне арналған қызметтік ғимараттар салуға да рұқсат бар. Бұл жұмыстар кезінде жануарлардың мекен ету ортасы мен көбею жағдайына, көшу жолдарына және шоғырланатын жерлерге зиян тимей, сол қалпында сақталуы керек.

Бұған дейін осыған ұқсас қорғау аймағы Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін де белгіленген.

Оқи отырыңыз: Шарын шатқалында жайылған бір үйір қарақұйрық фототұзаққа түсті (видео)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар