Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарыз жүгі ауырлады ма: тамызда ипотека мен автонесие алу күрт азайды

kz.kursiv.media

Қарыз жүгі ауырлады ма: тамызда ипотека мен автонесие алу күрт азайды

Халық автонесие мен ипотека алуды азайтып келеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше тамыз айында қазақстандықтарға автонесие беру 2025 жылмен салыстырғанда – 17,1%-ға, ал ипотека 16,4%-ға қысқарған, деп жазады Kursiv.Media.

2026 жылдың тамыз айында банктер халыққа жалпы жины 1,69 трлн теңге жаңа несие таратты. Бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 5,7%-ға аз. Бөлінген қаражаттың құрылымы мынадай:

Жаңадан берілген заемдар азайғанымен, екінші деңгейдегі банктердің халыққа берген несие портфелі өсуін жалғастыруда. Тамыз айында ол 1,2%-ға артып, 26,5 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бергі өсім — 6,9%)

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға салған жалпы несие портфелі де тамызда 1,7%-ға өсіп, 42,9 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бері +6,5%). Бұл өсім негізінен бизнес субъектілеріне берілген қарыздар есебінен қалыптасты.

2026 жылдың тамыз айында халыққа ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа мөлшерлемесі 20,6%-ды құрады.

Оған ипотеканың сыйақысы 0,3 пайыздық тармаққа көтеріліп, 10,7%-ға жетуі ықпал етті.

Биыл 6 айда Қазақстанның банк секторында қызық тенденция байқалған: халыққа берілетін жалпы несие көлемі азайғанымен, ипотека нарығы қарқынды өсті. . Нарықтағы бұл өсімнің негізгі қозғаушы күші – тек мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар мен «Отбасы банк».

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар