Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда Қытайда шығарылатын екінші Nissan Qashqai пайда болады

kz.kursiv.media

Қазақстанда Қытайда шығарылатын екінші Nissan Qashqai пайда болады

Қазақстандағы Nissan модельдер қатары тағы бір көлікпен толығады. Ресми дистрибьютор Qashqai моделінің тағы бір нұсқасын ұсынбақ. Бұл жаңа модель емес, Қытайда шығарылатын екінші буындағы кроссовер. Модельдің Қазақстан нарығына арналған нұсқасы тиісті сертификаттаудан өтті..

Қазір Қазақстандағы Nissan-ның ресми модельдер қатарында Qashqai-дің үшінші буыны бар. Маусым айында дистрибьютор 2026 жылдың соңына дейін елге Қытайда шығарылатын Qashqai Glory моделін әкелуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Көліктің Қазақстан нарығына шығатыны 2026 жылғы 2 қазанда тіркелген көлік құралының типін мақұлдау құжатында расталды. Құжатта өтініш беруші ретінде Orbis Auto құрылымына кіретін «Exclusive Auto Kazakhstan» ЖШС көрсетілген. Ал көлік өндірушісі – Dongfeng Motor Co., Ltd. Автомобильдер Далянь қаласындағы Dongfeng Nissan зауытында шығарылады.

Осылайша, Қазақстандағы Nissan модельдер қатарында бір мезетте әртүрлі буынға жататын әрі әр елде шығарылатын екі Qashqai ұсынылады.

Сертификатталған көліктің типі – P32S0. Бұл – бес орындықты кроссовер. Оның ұзындығы 4407 мм, ені 1837 мм, биіктігі 1610 мм, ал дөңгелек базасы 2646 мм.

Көлікке 2 литрлік, атмосфералық MR20 қозғалтқышы орнатылған. Қозғалтқыш тікелей бүрку жүйесімен жұмыс істейді. Құжатта оның қуаты 103 кВт, яғни шамамен 140 ат күші, ал айналу моменті 184 Нм деп көрсетілген. Көлік АИ-92 бензинін пайдалануға бейімделген.

Қозғалтқыш X-Tronic вариаторымен жұптасқан, жетек түрі – алдыңғы. Көліктің бос салмағы 1475–1492 кг аралығында. Ал техникалық тұрғыда рұқсат етілген ең жоғары салмағы – 1890 кг.

Қазақстанға арналған Qashqai Glory нұсқасының Қытайдағы көліктен айырмашылығы бар. Бұған дейін Nissan өкілдері Қазақстанға арналған кроссоверге Қытай нұсқасында жоқ қосымша «жылы» опциялар берілетінін айтқан. Ал көлік құралының типін мақұлдау құжатында климат-бақылау жүйесі, дөңгелек қысымын бақылау жүйесі және ISOFIX бекіткіштері бар екені көрсетілген.

Жаңа Nissan Qashqai-дің Қазақстанда қашан сатылымға шығатыны және бағасы әзірге белгісіз. Көлікті Қазақстан нарығына 2026 жылдың соңына дейін шығару жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар