Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ыстанбұлда 15 жастағы оқушы мектеп ауласында балаларды пышақтады

kz.kursiv.media

Ыстанбұлда 15 жастағы оқушы мектеп ауласында балаларды пышақтады

Ыстанбұлдың Башакшехир ауданында 15 жастағы мектеп оқушысы білім беру мекемесінің ауласында балаларға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан сегіз жасөспірім жарақат алып, олардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Anadolu ақпаратына сүйенсек, шабуыл жасаған қыз 10-сыныпта басқа мектепте оқиды. Оқиға болған мектеп оның үйінің маңында орналасқан.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келген. Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, күдікті ұсталды. Оның шабуыл жасау себебі әзірге белгісіз.

Ыстанбұл әкімі Давут Гүлдің айтуынша, қыз мектеп ауласына мектеп формасымен кіріп, балаларға ретсіз пышақ жарақатын салған.

Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин жараланған оқушылардың бірінің қайтыс болғанын растады. Қалған жеті жасөспірім медициналық көмек алып жатыр.

Оқиға болған мектепте сейсенбі және сәрсенбі күндері сабақтар тоқтатылды. Зардап шеккендер мен олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Түркияның Османие провинциясында мектеп мұғалімі оқу орнының аумағында қарулы шабуылдан қаза тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар