Cobalt, Tucson, Sportage: Қазақстанда қай көліктер көп шығарылды
Қазақстанда биыл қай көлік ең көп шығарылды? Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіште Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Қаңтар-қыркүйекте елдегі зауыттар 27 659 Cobalt өндірген, деп хабарлайды КурсивАвто.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда барлығы 146 541 автокөлік техникасы шығарылған.
2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда ең көп өндірілген модельдер қатарында:
Cobalt бұл көрсеткіш бойынша Tucson-нан 17 мыңнан астам көлікке алда тұр.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда барлығы 146 541 автокөлік техникасы шығарылған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңіндегі 109 223 данамен салыстырғанда 34,2% көп.
Қыркүйек айының өзінде қазақстандық кәсіпорындар 20 215 бірлік техника шығарды. Бұл былтырғы қыркүйектен 55,2%, ал биылғы тамыздан 32,4% жоғары.
ҚАО президенті Анар Мақашеваның айтуынша, автоөнеркәсіп тоғыз ай қорытындысы бойынша жоғары даму қарқынын сақтап отыр.
«Тоғыз ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы автоөнеркәсіп жоғары даму қарқынын сақтап тұр. Сала инвестицияға қолайлы: өндірушілер Қазақстандағы орнын нығайтып, жаңа жобаларын жүзеге асырып жатыр», – деді ол.
Автокөліктің басым бөлігі еліміздің ірі өндіріс орындарында шығарылған. Тоғыз айда Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты 56 130 бірлік техника өндірді. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты тоғыз айда 40 245 көлік шығарды. Оның ішінде Changan, Chery және Haval брендтерінің автомобильдері бар.
Ал Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнында 27 305, Kia Qazaqstan зауытында 13 782 автокөлік өндірілді.
Бұдан бөлек, «СемАЗ» – 2 293, QazTehna – 2 014, Hyundai Trans Auto – 998, «КАМАЗ-Инжиниринг» – 804, Orbis Machinery – 433, Daewoo Bus Kazakhstan – 379, «Уральскагрореммаш» – 158 бірлік техника шығарған.
Өндіріс көлемі бойынша алғашқы ондыққа Chevrolet, Hyundai және Kia кірді. Тоғыз айдағы көрсеткіштер:
ҚАО мәліметінше, Қазақстанда автоөндірісті одан әрі дамытуға бағытталған жаңа жобалар да бар. Олардың қатарында Алматыда OMODA және JAECOO көліктерін өндіру, сондай-ақ Қостанайда Li Auto автокөліктерін шығаруға дайындық жұмыстары бар.
Анар Мақашеваның айтуынша, күзде автокомпоненттер өндірісін дамыту және өндірісті жергіліктендіру бойынша бірқатар келісімге қол қойылған. Оның пікірінше, технологиялық операцияларды тереңдету мен автокомпоненттер өндірісін ел ішінде кеңейту автоөнеркәсіптің экономикаға қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда шығарылатын Hyundai көліктері арзандай ма – компания жауабы
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026