Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Аралдағы су деңгейі 44 метрге дейін көтерілуі мүмкін

kz.kursiv.media

Солтүстік Аралдағы су деңгейі 44 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Қазақстан Үкіметі Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау бағытындағы жұмысты күшейтті деп жазады Kursiv Media.

Үкімет мәліметінше, соңғы 20 жылдан астам уақытта Солтүстік Аралдың аумағы 36%-ға ұлғайған. Теңіздегі су көлемі екі есеге жуық артып, 23,4 млрд текше метрге жетті. Сонымен қатар судың минералдану деңгейі екі есе төмендеген. Қазір Сырдария өзені арқылы Солтүстік Аралға жыл сайын кемінде 2 млрд текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Аралды қалпына келтірудің келесі кезеңінде Көкарал бөгетін қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірленген жоба аясында теңіздегі су деңгейін Балтық биіктік жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру көзделген.

Жоба жүзеге асса, алдағы 5-6 жылда Солтүстік Аралдың аумағы 3,9 мың шаршы километрге, ал су көлемі 34 млрд текше метрге дейін ұлғайтылмақ.

Сонымен қатар Аралдың құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл аумақта 3,4 мың тонна сексеуіл тұқымы мен галофитті өсімдіктер егілген. Бұдан бөлек, 56,2 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

Орман мелиорациялық жұмыстардың жалпы аумағы 1,1 млн гектарға жеткен. Көшет өсіру үшін жылына 3 млн данаға дейін өнім беретін, аумағы 33 гектар орман тәлімбағының құрылысы да аяқталған.

Үкімет Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау мәселесіне де назар аударып отыр. Қазақстан Каспий маңы мемлекеттерімен бірлескен тәсілдерді әзірлеп, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Сонымен қатар осы бағытта бейінді ғылыми-зерттеу институтын құру жоспарланып отыр.

Негізгі міндеттердің қатарында Каспийдегі су деңгейін тұрақтандыру, биоалуантүрлілікті сақтау, теңіздің ластануына жол бермеу және мониторинг жүйесін жетілдіру бар.

Каспий теңізінің тайыздану салдарын бағалау үшін ғылыми деректер мен цифрлық технологиялар да пайдаланылмақ. Осы бағытта «Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі жағдайында орнықтылықты арттыру» жобасы іске қосылды.

Бұдан бөлек, БҰҰ Даму бағдарламасы және халықаралық серіктестермен бірге теңіз және жағалау ресурстарын басқару, пластик қалдықтармен ластануды азайту, биоалуантүрлілікті, соның ішінде Каспий итбалығын сақтау бойынша жобалар әзірленіп жатыр.

Қазақстан көршілес мемлекеттермен трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша ынтымақтастықты да күшейтіп келеді.

Үкімет мәліметінше, Қазақстан барлық көрші елдермен трансшекаралық су ресурстары саласындағы құқықтық базаны қалыптастыруды аяқтаған. Былтыр Өзбекстанмен он жылға созылған келіссөздерден кейін трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару туралы келісімге қол қойылды.

Сырдариядағы су қоймаларының жұмыс режимдерін көрші елдермен келісу Солтүстік Аралға, оның ішінде су аз кезеңдерде де, судың тұрақты келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Аралды қалпына келтіру жұмыстары теңіздегі су көлемін арттырумен қатар, құрғаған табанның шөлейттенуін тежеуге бағытталған. Ал Каспий бойынша негізгі жұмыстар ғылыми мониторингті күшейтуге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және теңіз экожүйесін сақтауға бағытталып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар