Көрші елдерде инфляция қандай? (инфографика)
Қазақстанда жылдық инфляция көрші елдердің басым бөлігінен жоғары болып отыр. Қыркүйек қорытындысы бойынша елдегі тұтыну бағасы бір жылда 9,3%-ға өсті. Kursiv Media көрші мемлекеттердегі баға өсімін салыстырды.
Салыстырылған елдердің ішінде ең жоғары инфляция Қырғызстанда тіркелген. Тамызда жылдық көрсеткіш 12%-ға жетті. Қазақстан 9,3% көрсеткішпен екінші орында тұр.
Өзбекстанда қыркүйекте жылдық инфляция 6,4% болды. Бір айда баға 0,7%-ға өскен. Азық-түлік бір айда 1%, қызметтер 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,3% қымбаттады.
Тұтыну бағасының жылдық өсімі, соңғы қолжетімді дерек
Ескерту:елдер статистиканы әр уақытта жариялайды.*Түрікменстан көрсеткіші — IMF-тің 2026 жылға арналған болжамы.
Ресейде соңғы жарияланған тамыз дерегі бойынша жылдық инфляция 6,33%-ды құрады. Бұл ретте тамыздың өзінде тұтыну бағасы шілдемен салыстырғанда 0,08%-ға төмендеген.
Қытайда баға өсімі айтарлықтай баяу. Тамызда жылдық инфляция небәрі 0,8% болды. Азық-түлік бағасы бір жылда 1,4%-ға арзандаса, азық-түлік емес тауарлар 1,2%-ға қымбаттаған.
Түрікменстан бойынша жедел айлық инфляция статистикасы ашық жарияланбайды. Халықаралық валюта қоры 2026 жылы елдегі тұтыну бағасы орта есеппен 3,9%-ға өседі деп болжайды. Сондықтан бұл көрсеткішті басқа елдердің нақты айлық деректерімен тікелей салыстыруға болмайды.
Осылайша, қолда бар соңғы дерек бойынша Қазақстандағы инфляция Ресей, Өзбекстан және Қытайдан жоғары. Қазақстаннан жоғары көрсеткіш тек Қырғызстанда байқалып отыр.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026