Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраудағы экологиялық дау: мұнай зауыты артық газ жағылғанын жоққа шығарды

kz.kursiv.media

Атыраудағы экологиялық дау: мұнай зауыты артық газ жағылғанын жоққа шығарды

Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) Экология департаментінің тексерісінен кейін тараған «ауаны ластап, артық газ жақты» деген ақпарат ақиқатқа жанаспайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кәсіпорын өкілдері тауарлық және табиғи газды жағу есебі рұқсат етілген нормативтерге сай жүргізілгенін және газ жағу өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиясының ажырамас бөлігі екенін алға тартып отыр. Осыған дейін экологтар зауытта апаттық жағдай орын алып, 100 тоннадан астам газ жағылғанын хабарлап, істі сотқа жолдаған болатын.

Экологтардың қорытындысы қандай

Экология департаменті жергілікті тұрғындардың ауа сапасына қатысты шағымдарынан соң АМӨЗ-де жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында жекелеген технологиялық пеш пен резервуардан шығатын қалдық есебі жүргізілмегені және рұқсат етілетін қалдықтар нормативтері белгіленбегені анықталды.

Экологтардың мәліметінше, 2026 жылғы 25 тамызда және 2–7 қыркүйек аралығында арнайы қондырғыларындағы ақау салдарынан мұнарада 100 тоннадан астам газ жағылған.

Сондай-ақ аспаппен тексеру барысында жылу-электр энергиясын өндіру нысандарында көміртек оксиді, азот оксиді мен диоксидінің белгіленген шектен асып кеткені анықталған.

Әкімшілік іс 2026 жылғы 1 қазанда прокурормен келісіліп, материалдар сотқа әрі қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тексеру үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Зауыттың уәжі: қандай

АМӨЗ басшылығы ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 пеші бойынша есептің жоқтығы туралы ақпаратпен келіспейді. Компания барлық есептер рұқсат етілген шығарындылар нормативтері жобасы мен экологиялық рұқсат аясында толық орындалғанын хабарлады. Зауыт тиісті жобалық-техникалық құжаттарды мемлекеттік органдарға ұсынуға дайын екенін айтты.

Зауыт өкілдерінің түсіндіруінше, газды мұнараларға бағыттау – қондырғылар жұмысында ақау шыққанда қолданылатын жобалық қауіпсіздік жүйесі. Сондай-ақ 2–7 қыркүйек аралығында санитарлық-қорғау аймағының шекарасында сутек сульфиді нормадан аспаған.

Қолайсыз ауа райы кезіндегі жоспарланған шаралар шығарындылар қуатын 35 370,1 г/с-тан 20 664,3 г/с-қа дейін (шамамен 42%-ға) төмендетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын заңнамада қарастырылған процедуралардың аяқталуын және соттың құқықтық бағасын күтуді ұсынды.

1945 жылы іске қосылған АМӨЗ акцияларының 99%-ы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі. Зауыттың жобалық өңдеу қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайды.

Кәсіпорын 30-дан астам мұнай өнімдерін, сондай-ақ Қазақстандағы жалғыз өндіруші ретінде бензол мен параксилол шығарады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар