Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украинадағы соғыста жүрген қазақтар қан майданнан видео жолдады

kz.kursiv.media

Украинадағы соғыста жүрген қазақтар қан майданнан видео жолдады

Ресей әскерінің қатарында Украинадағы соғыста жүрген қазақтар қан майданнан видео жолдады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Бейнежазбада солдаттар тұратын кепеге бомба түсіп, жоқ болып кеткені көрінеді. Қазақстандықтардың айтуынша, оның ішінде 2 адам қалып мерт болған. Денесін жаңа ғана шығарып, алып кеткен.

«Жататын орнымыз еді. Кеше түнде жарып кетті. Қазірде жарып жатыр. Бізде бәрі жаман болып жатыр. Балалар: «тағы да ұруы мүмкін» деп, айтып жатыр», – дейді қазақ тілінде видео түсіруші қазақстандық дауысы дірілдеп.

Қазақстандықтар адвокаттан оларды қашан елге алып кететінін сұраған. Мейірман Шекеев бұл видеоның жақында келгенін айтты. Осы үшін ол Сыртқы істер министрлігімен байланыс орнату үшін Астанаға келген.

Қазақстандықтардың айтуынша, олар Ресейге күзет жұмысына орналасу үшін барған. Алайда оларды соғысқа баруға мәжбүрлеген.

Айта кететін жайт, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан қазақстандықтарға байланысты Ресейге нота жолдады. Оларды елге қайтару үшін Ресей тарапымен түрлі деңгеде келіссөз жүріп жатқанын да хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар