Джеки Чан Қазақстанда тағы кино түсіруі мүмкін бе
Ақордада вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобы мүшелерімен кездесті. Кездесуге әлемге әйгілі режиссер әрі актер Джеки Чан, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық продюсерлер Эсмонд Рен, Рүстем Омаров, Игорь Цай және Орынбасар Құдайбергенов қатысты деп жазады Kursiv Media.
Кездесуде кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту талқыланды. Сондай-ақ тағы да бірлесіп, кино жобаларды жүзеге асыру да сөз болды.
Ерлан Қарин сөзінше, ірі халықаралық фильмдердің Қазақстанда түсірілуі отандық киноиндустрияның дамуына, жергілікті мамандардың тәжірибесін арттыруға және Қазақстанды халықаралық киноөндіріс үшін әлеуетті алаң ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Кездесуде кино саласындағы жаңа технологияларды дамыту мәселесіне де назар аударылды. Ерлан Қарин биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада Astana AI Film Festival өткенін атап өтті.
Фестивальге әлемнің 125 елінен 8 мың өтінім түскен. Қатысушылар саны мен географиясы бойынша шара әлемдегі жасанды интеллект арқылы кино жасауға арналған ең ірі фестиваль ретінде танылған.
Кездесу соңында Ерлан Қарин Джеки Чанға Қазақстанға деген ықыласы үшін алғыс айтып, жоба қатысушыларына шығармашылық табыс тіледі.
Еске салайық, әйгілі актер биыл елімізге келіп, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін өткізген еді. Картинадан Маңғыстаудағы Бозжыраның және Алматы маңындағы Қаскелеңнің кадрларын байқауға болады. Одан бөлек Netflix тобы келіп, Ақтауда Джеки Чан туралы деректі фильм түсірді.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026