Президент «Лукойл» компаниясының жоспарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды», – делінген ақпаратта.
Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланған.
Мұның алдында Тоқаев Тимур Турловпен кездесіп, қа білім беру саласына шахматты тұрақты енгізуді тапсырған болатын.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026