Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте тұмауға қарсы екпе салу жүріп жатыр

kz.otyrar.kz

Шымкентте тұмауға қарсы екпе салу жүріп жатыр

Шымкентте тұмауға қарсы екпе науқаны жүріп жатыр. Қала емханаларына 150 мыңнан астам доза жеткізілген. Әлеуметтік осал топтар, жүкті әйелдер, балалар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға вакцина тегін салынады.

Шымкентте тұмауға қарсы екпе салына бастады. Вакцина қаланың барлық емханаларына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – маусымдық жұқпалы аурудың алдын алып, оның ауыр түрі мен қауіпті асқынуларынан қорғанудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Тұмау өкпе қабынуына, бронхитке, сондай-ақ жүрек пен жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Вакцинация аурудың ауыр өту қаупін төмендетуге көмектеседі. Тұмауға қарсы екпе әлеуметтік осал топтарға, жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар тұрғындар мен қарттарға, 6 айдан асқан балаларға және медицина қызметкерлеріне тегін салынады. Ал тұрғындар екпе салдыруға қалай қарайды?

«Екпе салдырасыз ба тұмауға қарсы?»

«Иә. Не үшін салдырасыз? Себебі алдын алады ғой аурудың. Қазір неше түрлі аурулар бар. Қалай болады ауырып қалсаң? Отбасын асырау керек. Ертең жұмысқа шыға алмай қалсақ ауырсақ. Сол себептен алдын алу үшін екпе аламын міндетті түрде».

«Қарсымын мен. Вакцинаның барлығына қарсымын деп жазып бере саламын, болды».

Жалпы, тұмауға қарсы екпе әр эпидемиологиялық маусым қарсаңында жергілікті бюджет есебінен және ақылы салынады. Биыл Шымкентте 150 мыңнан астам доза вакцина сатып алынған.

АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл – тегін. Дені сау кезде ата-анасының не заңды өкілінің, үлкен адам болса өзінің келісімімен қол қойып салынады. Дені сау кезде дәрігердің қарауымен. Ақылы түрде де вакцина салынады. Қаламыздағы бірнеше жекеменшік емханалар сол вакцинаны сатып алып келіп, ақылы түрде салып беретіндерге салып береді. Тегін салудың тағы бір жолы ІІД және әскери қызметтегі қызметкерлерге мекеме әкімшілігінің сатып алуымен жұмыскерлеріне тегін салып береді».

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір айда Шымкентте 6 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Олардың жартысына жуығы – 14 жасқа толмаған балалар.

ЖАДЫРА ЕРСҰЛТАНОВА, №2 ЕМХАНА ДӘРІГЕРІ: «Тұмауға қарсы екпе эпидемиологиялық маусымда 1-қазаннан бастап жүргізіп жатырмыз. Тұмауға қарсы вакцинация қазіргі эпидмаусымға байланысты. Вакцинация алған адамдардың тұмау жеңіл өтеді. Тұмау болмауы да мүмкін».

Дилара Иса

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар