Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027 жылдан бастап мұнай өнімдері міндетті таңбалаудан өтуі мүмкін

kz.kursiv.media

2027 жылдан бастап мұнай өнімдері міндетті таңбалаудан өтуі мүмкін

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Қазақстанда мұнай өнімдеріне міндетті таңбалау енгізілуі мүмкін екенін және оның елге берер пайдасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Спикердің сөзінше, биыл мұнай өнімдерін молекулалық маркалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Технология отынға арнайы маркер қосуды қарастырады. Оның бар-жоғын мобильді анализаторлар арқылы тексеруге болады.

«Көлеңкелі нарықты анықтаудың белгілі бір әдістемесі бар. Біз 17 тауар позициясын талдадық, оның ішінде жетеуі міндетті маркалауға жатады. Осы позициялар бойынша көлеңкелі нарықтың жалпы көлемі шамамен 8,7 трлн теңгеге бағаланады. Оның 3,2 трлн теңгесі немесе 37,3%-ы мұнай өнімдеріне тиесілі», – деді Әсет Нүсіпов.

Оның сөзінше, пилоттық жобаны екі компания жүзеге асырып келеді. Оның бірі – сингапурлық, екіншісі – швейцариялық компания.

«2026 жылдың 1 қыркүйегінде пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба сәтті аяқталған соң, мұнай өнімдерін міндетті түрде маркалау туралы шешім қабылдаймыз. Меніңше, келесі жылы мұнай өнімдерін маркалауды енгіземіз, өйткені біз қарастырған 17 тауар позициясының үштен бір бөлігінен астамын мұнай өнімдері құрайды», – деді Әсет Нүсіпов.

Дегенмен, сауда және интеграция министрлігі міндетті таңбалауды енгізу болашақта отын бағасына қалай әсер ететіні туралы әлі болжам жасаған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар