Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Непал мен Тибетте жоғалған үш қазақстандықтың бірі елден табылды

kz.kursiv.media

Непал мен Тибетте жоғалған үш қазақстандықтың бірі елден табылды

Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін жоғалған үш қазақстандықтың бірі Қазақстаннан табылды. Ол осы уақыт бойы елде болған. Қалған екі әйелдің қайда екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін екі қазақстандық турист Непалда, тағы бірі Қытайдың Тибет автономиялық ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Непалда болуы мүмкін әйелдердің бірімен байланыс орнатылған.

«Қазіргі уақытта тағы екі отандасымыздың орналасқан жері анықталған жоқ. Олардың туыстары Непал мен Қытайдың құзырлы органдары белгілеген тәртіпке сәйкес, ықтимал сәйкестендіру үшін ДНҚ сараптамасына биологиялық материал тапсырды», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Непал тарапынан іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда ресми түрде аяқталған. Қазір апаттан зардап шеккен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табылған мәйіттер мен жеке заттар сәйкестендіру үшін тиісті органдарға тапсырылуда.

Ал Тибеттің ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қытай тарапы да мәйіттерді сәйкестендіріп, генетикалық сараптама жүргізуде.

Қазақстандық дипломаттар жоғалған азаматтардың туыстарымен байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасында болған алапат су тасқынынан кейін жүздеген туристің хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені хабарланған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар