Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан алтын сатып алатын ТОП-5 елдің қатарына кірді

kz.kursiv.media

Қазақстан алтын сатып алатын ТОП-5 елдің қатарына кірді

2026 жылдың басынан шілдеге дейін Қазақстан Ұлттық банкі 29 тонна алтын сатып алып, әлемдегі ең ірі алтын салып алатын алатын үздік 5 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Kursiv Media Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Finprom.kz зерттеуіне қарағанда, соңғы жылдары Қазақстанның алтын-валюта резервтерінің құрылымы айтарлықтай өзгерді. Ондағы алтынның үлесі артып, еркін айырбасталатын валютадағы активтердің меншікті салмағы азайып келеді.

Валюталық активтерге бағалы қағаздар, шетел валютасындағы депозиттер және басқа да қаржылық құралдар жатады.

«Тамыз айының соңына қарай алтын-валюта резервтерінің құрамындағы алтынның үлесі ел тарихында алғаш рет 79%-дан асып, рекордтық деңгейге жетті. Ақшалай баламада бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш – шамамен 55,8 млрд доллар. Ал физикалық көлемде Қазақстанның алтын қоры 12,1 млн трой унциясына немесе соған жуық 377 тоннаға жетті», — делінген зерттеуде.

Алтын-валюта резервтерінің құрамындағы алтын үлесінің белсенді түрде өсуі бағалы металды сатып алу көлемінің артуымен тікелей байланысты.

Осылайша, бағалы металды белсенді түрде сатып алу кезеңі елдің алтын-валюта резервіндегі оның үлесі өсуінің басты факторларының біріне айналды.

Бұған дейін Дүнижүзілік алтын кеңесі қымбат металды ең көп алғандардың көш басында Польша (51 тонна) мен Қытай (33 тонна) орталық банктері тұрғанын мәлімдеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар