Қырғызстан экс-президентінің ұлы билікті басып алғысы келгені үшін сотталды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы, социал-демократиялық партияның (СДПК) жетекшісі Қадыр Атамбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.media.
«Қадыр Атамбаев іс бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылсын, мүлкі тәркіленсін», – деді сот өкілі.
Бішкекте сот жабық режимде өткен. Бұл іс бойынша Темирлан Султанбеков 7 жылға, Қадырбек Атамбаев 4 жылға, Абдурахим Абдрахманов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Эрмек Эрматовтың бабы қайта сараланып, оған пробациялық бақылау тағайындалды және сот залында қамаудан босатылды. Ал Кубанычбек Кадыров толық ақталды.
2025 жылдың қараша айының соңында жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деген күдікпен «Социал-демократтар» партиясының өкілдері ұсталған. Сол кезде Қырғызстанның ІІМ он адамның ұсталғанын хабарлаған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлаудан кейін жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайындалған.
Ұсталғандардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев, саясаткерлер Темирлан Султанбеков пен Эрмек Эрматов, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаттары Кубанычбек Кадыров пен Шайлообек Атазов, кәсіпкер Урмат Барыктабасов және Атамбаевтың бұрынғы оққағары Дамир Мусакеев болған.
- Соңғы
- Қазан, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қазан 2026