Қостанай облысында пойызбен көлік соқтығысты
Қостанай облысының Жітіқара қаласында Lada Kalina автокөлігі теміржол өткелінде локомотивпен соқтығысты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Өңірлік полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жол апаты 9 қазан күні таңертең болған. Полиция мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан теміржолға шығып кеткен. Соның салдарынан локомотивпен соқтығысқан.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтап, теміржол өткелдерінде жол белгілері мен бағдаршам сигналдарына ерекше назар аударуға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда теміржолда ауыр жарақат алған 22 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған еді.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026